24 ақпан 2021 15:25

Илья Ильин қос азаматтығы бар шенеунікті қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олег Почивалов, Илья Ильин Олег Почивалов, Илья Ильин

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкент қаласының спорт басқармасы басшысы Олег Почиваловқа қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкент қаласының спорт басқармасы басшысы Олег Почиваловқа қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ильин шенеуніктің қос азаматтығына қатысты Instagram-парқшасында пікір білдірді. Ол Қазақстанда білікті спорт жетекшілері көп емесін айтып, Почиваловқа мүмкіндік беру керек деп жазды.

"Мен Олег Почиваловты құрметтеймін. Егер қос азаматтықты елден кету үшін алса, онда ол Қазақстанда тұрып, жұмыс істемей-ақ, ол елге баяғыда кетіп қалар еді. Елімізде білікті спорт кадрларын сақтауға тырысуымыз қажет. Өйткені ондай адамдар саусақпен санарлық. Егер Ресей Федерациясының азаматтығы болмаса, онда Олег Почиваловқа аймақтағы спортты дамытуға мүмкіндік беру керек", - деп жазды Ильин.

Айта кетейік, Шымкент қаласының спорт басқармасы басшысы Олег Почивалов Ресей азаматтығын алғаны белгілі болғаннан кейін Қазақстан азаматтығынан айрылған еді.

Шымкенттік шенеуніктің қос азаматтығы туралы ақпарат желіде бірнеше ай бұрын пайда болды. Бұл ақпаратты қала әкімдігінде теріске шығарған болатын, бірақ кейінірек полиция растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети