02 наурыз 2021 16:43

Шымкентте қос азаматтығы бар шенеунік жұмыстан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: otyrar.kz Фото: otyrar.kz

Қос азаматтығы бары анықталған шымкенттік шенеунік Олег Почивалов жұмыстан шығарылды. Ақпаратты қала әкімдігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қос азаматтығы бары анықталған шымкенттік шенеунік Олег Почивалов жұмыстан шығарылды. Ақпаратты қала әкімдігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімімен дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олег Почивалов қызметінен босатылғаны хабарланды. Әкімдік құжат көшірмесін көрсетті.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтық алуға қатысты алаңдаушылық білдірген еді. Мемлекет басшысы мұндай заңбұзушылық үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.

Илья Ильин қос азаматтығы бар шенеунікті қолдап, өз пікірін білдірді.

Еске салайық, бұған дейін шымкенттік шенеунік қос азаматтығы бар деп айыпталды. Бұл деректі Шымкент полициясы растады, алайда бұған дейін қала әкімдігі ақпаратты жоққа шығарған еді. Сол үшін шенеунік азаматтығынан айырылды.

Бұл уақытта Почивалов жеке жағдайына байланысты ақысыз демалыста болған.

Демалыстан шыққаннан кейін Почивалов 2021 жыдың 8 ақпанда Әл-Фараби аудандық сотына Шымкент қаласы полиция департаменті шығарған азаматтығынан айыруға қатысты қорытынды күшін жоюға және Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыру туралы хабарламаға қатысты өтініш берді.

Алайда 2021 жылдың 22 ақпанда Әл-Фараби аудандық соты шешімімен Почиваловтың Шымкент қаласы полиция департаментіне жазған өтініші қанағаттандырылмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети