Илья Ильиннің бұрынғы жары Азиадада Қазақстанға жеңіс алып келді

17 Тамыз 2018, 09:16
0
Илья Ильиннің бұрынғы жары Азиадада Қазақстанға жеңіс алып келді - © instagram/ilyailyin4ever
© instagram/ilyailyin4ever

Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан жазғы Азиада-2018 жарысында қазақстандық спортшылар өнер көрсете бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екі ойында екі жеңіске жетті. Бірінші Үндістан құрамасын - 36:19 есебімен ұтты, ал Қытай құрамасын - 27:26 есебімен жеңді. Қытайлармен өткен ойында ысқырық шалынғанға дейін екі секунд қалғанда Наталья Ильина (Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің бұрынғы жары) гол салып кетті. 

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен екінші орында келеді, бірінші орында - Оңтүстік Корея құрамасы (қосымша көрсеткіштер бойынша). Ары қарай Қытай, КХДР және Үндістан - олар әзірге ұпай жинаған жоқ. Жартылай финалға шығу үшін бірінші не екінші орынды алу керек. 

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2002 және 2006 жылы Азиада ойындарында күміс медаль, ал 2014 жылы қола медальды иеленген. 

Илья мен Наталья Ильиндер 12 жыл бірге тұрған. Спортшылар 2017 жылы айырылысып кетті. Олардың ортақ қызы бар. Наталья - талай мәрте гандболдан Қазақстан чемпионы атанған. Екі рет әлем біріншілігіне қатысты. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай