Илья Ильиннің Twitter желісіндегі аккаунтын бұзғандар дауыстық хабарлама қалдырды

20 Маусым 2015, 21:45
0
Илья Ильиннің Twitter желісіндегі аккаунтын бұзғандар дауыстық хабарлама қалдырды - Ильиннің парақшасының скриншоты
Ильиннің парақшасының скриншоты

Илья Ильиннің Twitter желісіндегі аккаунтын бұзғандар дауыстық хабарлама қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін, 20 маусымда спортшының ресми аккаунтында парақшаның бұзылғаны жайлы біртүрлі хабарлама пайда болды. Astraia Team нигіндегі белгісіздер оның парақшасында видеоролик қалдырыпты. Роликте "Иә, Ильяның парақшасы бұзылды. Біз мұны тапсырыспен жасап отырмыз. Қымбат, сапалы, аты-жөнсіз. Алға, Қазақстан!" дейді дауыс.

Қазақстандық атлеттің Twitter желісіндегі парақшасының қандай мақсатпен бұзылғаны белгісіз. Хакерлердің парақшасында бір ғана видеоның пайда болғанына қарап отырып, Илья Ильиннің олардың бірінші құрбаны деуге болады. Хакерлердің Instagram желісіндегі парақшасында болса, тапсырыстардың 5 мың долларға жасалатыны айтылады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай