05 наурыз 2019 11:00

Инсайдер Головкиннің "миллиардтық жобамен" келісімшартқа отыратынын хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: reviewjournal.com Фото: reviewjournal.com

The Ring журналының инсайдері Майк Коппинджер орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің жаңа телеәріптеспен келіссөзі жайында тың жаңалықтар айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.


The Ring журналының инсайдері Майк Коппинджер орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің жаңа телеәріптеспен келіссөзі жайында тың жаңалықтар айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Журналистің мәліметінше, Головкин DAZN стриминг сервисімен келісімшартқа отыруға жақын.

"Дереккөздердің ақпараты бойынша, Головкин мен оның командасы осы аптада DAZN өкілдерімен кездесіп, бірнеше жекпе-жек бойынша шарттарды талқылайды. Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы жаңа келісімшарттың екінші жекпе-жегінде қыркүйекте "Канеломен" реванш өткізуді жоспарлап отыр. Головкиннің болжамынша, мексикалық боксшы 4 мамырда Дэниэл Джейкобсты ұтады", - деп жазды Коппинджер твиттерде.

Қазір Головкин еркін агент болып жүр. 2012 жылдан бері ол НВО телеарнасында өнер көрсеткен. Бірақ бұл арна биылдан бастап бокстан кетті. НВО-мен келісімшарт бойынша Головкиннің соңғы жекпе-жегі Сауль Альвареске қарсы матч-реванш болған. Бұл кездесуде GGG қарсыласына ұпай санымен жол беріп, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылып қалды.

Головкинді жеңгеннен кейін "Канело" DAZN-мен 365 миллион долларлық келісімшартқа отырды. Осы келісім аясындағы алғашқы жекпе-жегін мексикалық боксшы былтыр желтоқсанда өткізген еді. Альварес екінші орта салмақтағы дебютін сәтті өткізіп, британиялық Рокки Филдингті нокаутпен жеңді.

"Канело" енді 4 мамырда IBF чемпионы Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасады. Америкалық боксшы да Головкинмен жекпе-жек өткізген еді. 2017 жылы наурызда Нью-Йоркте Джейкобс Головкинге қарсы 12 раундқа шыдаған алғашқы боксшы атанды. Сол кездесуде Головкин төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардың ортасында бірнеше дереккөз Головкиннің DAZN-мен келісімшартқа отырғанын хабарлаған еді. Алайда қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Уалихан Қосанбай

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети