28 шілде 2021 08:36

Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасының екінші кезеңінде жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: olympic.kz. Жеңіс Ысқабай© Фото: olympic.kz. Жеңіс Ысқабай©

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасының екінші кезеңінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасының екінші кезеңінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

90 келіге дейінгі спортшылар жарысының 1/16 финалында Бозбаев әзербайжандық Мамедали Мехдиевпен кездесіп, "вазари" ұпайымен жеңілді. 

Бұған дейін қазақстандық дзюдошы алғашқы кезеңде бразилиялық Рафаэль Маседомен күш сынасып, қарсыласын 31-секундта "иппон" әдісімен жеңген еді.  

30 жастағы Ислам Бозаев Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысып, 1/8 финалда жеңілген. 2011 және 2017 жылдары Азия чемпионатында күміс медаль иеленген. Еншісінде Азия чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлделері бар. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Токио Олимпиадасынан үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети