28 шілде 2021 08:06

Токио Олимпиадасы: дзюдошы Ислам Бозбаев алғашқы қарсыласын 31 секундта жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: olympic.kz Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

90 келіге дейінгі салмақта сынға түскен дзюдошы алғашқы кезеңде бразилиялық Рафаэль Маседомен күш сынасты. Бозбаев қарсыласын 31-секундта "иппон" әдісімен жеңді. Енді 1/16 финалда ол әзербайжандық Мамедали Мехдиевпен кездеседі.  

30 жастағы Ислам Бозаев Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысып, 1/8 финалда жеңілген. 2011 және 2017 жылдары Азия чемпионатында күміс медаль иеленген. Еншісінде Азия чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлделері бар. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Токио Олимпиадасынан үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети