20 қазан 2019 12:58

Жалғас Жұмағұлов жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған скрин Видеодан алынған скрин

Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global 95 турнирінде ресейлік Али Багаутиновты жеңді. Ұрыс аяғында ол UFC-ге көшетін кез келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global 95 турнирінде ресейлік Али Багаутиновты жеңді. Ұрыс аяғында ол UFC-ге көшетін кез келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мені қолдау үшін келгендердің барлығына алғыс айтқым келеді. Али, рақмет айтқым келеді, мен сені, отбасың мен командаңды құрметтеймін. (...) Мені қолдаған барлық адамға алғыс айтамын. Мен соңына дейін күресемін деп уәде бергенмін, өз сөзімде тұрдым. Тағы айтамын, мені жеңу үшін қарсылас мен сияқты болу керек, осында өмірін қалдыруға дайын болуы қажет. Бұл жеңісті өз еліме, Қазақстанға арнағым келеді", - деді Жалғас Жұмағұлов. Сондай-ақ, спортшы жекпе-жектен кейін не жегісі келетінін айтты.

"Менің ойымша, UFC-ге кететін уақыт келді", - деді спорты.

19 қазанда Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде 31 жастағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов 34 жастағы ресейлік Али Багаутиновты жеңді

Жұмағұлов аса жеңіл салмақтағы Fight Night Global чемпионы титулын қорғап қалды. Жекпе-жек бес раундқа созылды. Ұрыс қорытындысы бойынша төрешілердің басым бөлігі жеңісті қазақстандыққа берді. Енді Жұмағұловтың қоржынында 13 жеңіс, үш жеңіліс бар.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети