1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жегі қарсаңында карантинге жатқызылды

Жалғас Жұмағұлов. Сурет: Arlan MMA© Жалғас Жұмағұлов. Сурет: Arlan MMA©

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Абу-Дабиде командасымен бірге карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшының айтуынша, оқшаулау мерзімі екі күн.

11 шілдеде Жұмағұлов "Жауынгерлер аралында" өтетін UFC аясындағы турнирде дебют жасайды. Қазақстандықтың қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва.

Жақында Жұмағұлов пен оның командасы Ақтөбеден Абу-Дабиге келген. "Абу-Дабиге ұшып келдік. Мұнда өте ыстық. Мүмкін емес. Карантинге жіберді, екі күн жатамыз. Бүгін тест тапсырдық. Барлығыңызға рақмет, жақсы ұшып келдік", - деді Жұмағұлов.

Абу-Дабидегі бұл турнирде тағы бір қазақстандық Шавкат Рахмонов өнер көрсетеді. Ол 25 шілдеде алаңға шығады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!