Жамбылдық балуан 2023 жылғы "Қазақстан Барысы" атанды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбылдық балуан 2023 жылғы "Қазақстан Барысы" атанды Фото: Қазақстан барысы/ Facebook

Қазақ күресінен 2023 жылғы "Қазақстан Барысы" турнирі аяқталды. Кіл мықты балуандар бәсекесінде жамбылдық балуан Ғалымжан Қырықбай жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақ күресінен 2023 жылғы "Қазақстан Барысы" турнирі аяқталды. Кіл мықты балуандар бәсекесінде жамбылдық балуан Ғалымжан Қырықбай жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биылғы балуандар бәсекесінде 41 үміткер бақ сынады. Ал финалға маңғыстаулық Нұрләулет Жарылғапов пен жамбылдық Ғалымжан Қырықбай сүрінбей жетті. Қос балуанның белдесуі тартысты өтіп, қоян-қолтық айқаста екіншісінің мерейі үстем болды.

Ғалымжан Қырықбай бұған дейін "Қазақстан Барысында" күміс те, қола да жүлдегер болған. Биылғы бәсекеде алтын тайтұяқ пен 25 миллион теңгені иеленді. Ал "Қара бура" Нұрдәулет Жарылғапов екінші рет жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 475.05   556.56   6.24 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети