11 ақпан 2021 14:30

Жансая Абдумалик Aina-LINE эфирінде қалай чемпион атанғанын айтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шахматшы Жансая Абдумалик және әкесі әрі алғашқы жаттықтырушысы Данияр Аширов Aina-LINE арнайы жобасында жас таланттан кәсіби спортшыға дейін қалай жетілгені туралы әңгімелейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық шахматшы Жансая Абдумалик және әкесі әрі алғашқы жаттықтырушысы Данияр Аширов Aina-LINE арнайы жобасында жас таланттан кәсіби спортшыға дейін қалай жетілгені туралы әңгімелейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа шығарылымды бүгін, 11 ақпанда сағат 20.00-де IBALAQAI YouTube-каналынан көре аласыздар. Эфир қонағы ата-анасы бірінші болуға деген ұмтылысын қалай ашқанын, сондай-ақ оның балалық шағы өзге балалардың балалық шағынан қай жағынан ерекше болғанын айтады. Данияр Аширов шахмат баланың дамуына қалай әсер ететінін айтады. 

Жансая Абдумалик 2019 жылы 20 жасқа дейінгі әлемнің үздік шахматшысы деп танылды. Ол шахматпен ерте жастан айналыса бастады және 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Оның қоржынында республикалық және әлемдік турнирлердің көптеген марапаты бар. 2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап Жансая Абдумалик Алматы қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутаты болды.

Жүргізуші - "Жаңа Ұрпақ" көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкасттар, пайдалы мақала, видеолар шығады. 

"Інжу" мейрамханасына түсірілім үшін локация ұсынғанына алғыс білдіреміз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети