05 наурыз 2014 13:40

Жас зілтеміршілеріміз Азия біріншілігіне аттанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альберт Линдер. Сурет: Vesti.kz Альберт Линдер. Сурет: Vesti.kz

4-12 наурыз аралығында Тайландтың Бангсаен қаласында ауыр атлетикадан Азия біріншілігі өтеді. Бұл турнирде еліміздің намысын бес зілтемірші қорғайтын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап. Бұл турнирге 17 және 20 жас аралығындағы зілтеміршілер бақтарын сынайтын болады. Сары құрлықтың жастар арасындағы басты турнирінде ел намысын қорауға бес зілтеміршіміз аттанды. Олар: 56 келіде Тимур Хасаров, 62 келіде Әділбек Балқаев, 69 келіде Михаил Макеев пен Альберт Линдер және аса ауыр салмақта (+91) Селімхан Әубәкіров. Жастар құрамасына енген бұл зілтеміршілердің барлығы да Қазақстанның ішкі біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Азия біріншілі құрлықтық деңгейдегі ең ірі турнирлердің бірі болып саналады. Бұл біріншіліктің жеңімпаздары Әлем чемпионаттары мен жастар арасындағы Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алады. Сондықтан да біздің спортшылар бұл турнирден құр алақан қайтпайды деген сенімдеміз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети