25 қараша 2020 10:51

Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі өтпейтін болды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: UFC Фото: UFC

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы танымал ресейлік инсайдер-журналист Игорь Лазорин Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалғас Жұмағұловтың Амир Альбазиге қарсы жекпе-жегі 28 қарашада өтпейді. Америкалық виза мақұлданғанына қарамастан, консулдықта Жалғасқа төлқұжаты қайтарылған жоқ. Жекпе-жек 12 желтоқсанға ауыстырылуы мүмкін", - деп жазды Игорь Лазорин.

Айта кетейік, Жұмағұлов пен Альбази арасындағы жекпе-жек 29 қарашаға қараған түні UFC Fight Night 184 турнирінде өтуі керек еді. Екі спортшы да шілдеде UFC-де дебют жасаған болатын. Жұмағұлов төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп, Албази жеңіске жеткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети