05 ақпан 2014 11:26

Журналистер асықпаңыздар, Сочи әлі дайын емес...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет aipsmedia.com сайтынан Сурет aipsmedia.com сайтынан

Сочиге табан тіреген шетелдік журналистердің кейбіреулері өздері орналасқан бөлмелердің толық дайын еместігін айтуда, дейді Tengrinews.kz AIPS (Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы) сайтына сілтеме жасап. Сейсенбі күні кешке қарай AIPS сайтына Италияның Maria Pia Beltran деген жас журналисінің мақаласы шықты. Онда ол Сочидегі журналистер орналасқан қонақ үйлердің жұмыс жасауға толыққанды дайын еместігін жазыпты. Кейбір бөлмелерде теледидар жоқ, тіпті Wi-Fi байланысы да болмаған көрінеді. Басында ыстық су да болмай, жылыту жүйесі де ойдағыдай болмаған секілді. Құрылыс жұмыстарының қалдықтары мен қоқыстары әлі толық тазаланбаған да сияқты. Осы аптаның басында өткен баспасөз мәжілісінде Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах: – Бізге берілген ақпаарт бойынша дәл қазі 24 бөлме пайдалануға берілді. Жалпы бөлмелердің 97 пайызы толық дайын, тек 3 пайызы әлі толық бітпеген. Бірақ бұлардың бәрі бірер күнде әзір болады. Ал дайын бөлмелердегі теледидарлардың істемей тұрғандары, электр қуатына байланысты шығар, – депті. Сочи Олимпиадасының ұйымдастырушылары "Жасырмаймыз, Олимпиада қалашығы осы дүбірлі дода басталғанша пайдалануға берілуде, бөлмелердің 3 пайызы әлі толық дайын емес. Бірақ күн өткен сайын олардың саны азайып келеді" деп мойындап отыр. Мақаланың авторы кейбір журналистер бөлмелері дайын емес болғандықтан басқа бөлмелерге ауысуға мәжбүр болғандарын да жазыпты. Оның жазуынша, Италияның үш, Германияның бес журналисі осылай көшіп-қонуға душар болған екен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети