02 қаңтар 2020 17:37

"Жылдың үздік нокаутымен" жеңген қазақстандық файтерге 3,8 миллион теңге беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Оспанов пен Лом-Али Эскиев жекпе-жегі. Фото: ACA Арман Оспанов пен Лом-Али Эскиев жекпе-жегі. Фото: ACA

Ресейлік Absolute Championship Akhmat промоушені 2019 жылдың үздіктерін атады, - деп хабарлайды ұйымның ресми сайты


Ресейлік Absolute Championship Akhmat промоушені 2019 жылдың үздіктерін атады, - деп хабарлайды ұйымның ресми сайты

Жылдың үздік нокауты номинациясында қазақстандық Арман Оспанов жеңіске жетті. 27 сәуірде Мәскеуде АСА 95 турнирінде Оспанов германиялық Лом-Али Эскиевті екінші раундта нокаутқа түсірген. Қазақстандықтың тіземен жасаған соққысы ұйымның үздік нокауты атанды. 

Ресейліктер Марат Балаев пен Салман Жамалдиевтің кездесуі АСА-ның үздік жекпе-жегі болып танылды. Ал Хусейн Шайхаевтың қазақстандық Ержан Естановқа жасаған әдісі жылдың үздік сабмишені атанды. 

Әр номинацияның жеңімпазы үш өлшем бойынша анықталды: жанкүйерлердің, сарапшылар мен лига басшыларының дауыс беруі. Жыл үздігі атанған жеңімпаздарға 10 мың доллар (3 миллион 832 мың теңге) көлемінде сыйлық беріледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети