21 наурыз 2022 16:32

Қамшыбек Қоңқабаевтың чемпиондық жекпе-жектегі қарсыласы ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың (4-0, 3 КО) келесі кездесудегі қарсыласы ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 


Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың (4-0, 3 КО) келесі кездесудегі қарсыласы ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Әу баста отандасымыздың қарсыласы Оңтүстік Африка елінің боксшысы Джонни Мюллер (23-9-2, 14 КО) болуы керек еді. Бірақ ол жаттығу кезінде жарақат алып қалыпты. 

Енді оның орнына Қоңқабаевқа қарсы 29 жастағы өзбекстандық боксшы Фаррух Джураев (6-5-1, 2 КО) шығады. 

Бұл кездесу 25 наурыз күні Алматы қаласында өтетін бокс кешінің басты айқасы болады. Жекпе-жекте аса ауыр салмақта қазақстандық боксшыға тиесілі WBA Gold белбеуі сарапқа салынады. 

Токиода өткен Олимпиаданың қола жүлдегері атанған Қамшыбек үшін бұл кәсіпқой бокстағы бесінші кездесуі болады. 

WBA Gold белбеуін Қоңқабаев 2021 жылдың желтоқсанында британдық боксшы Стивен Уорды (12-2, 4 КО) жеңіп иеленген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети