10 маусым 2014 17:36

Қанат Ислам WBA рейтингінде екі саты жоғарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. Сурет: allboxing.kz Қанат Ислам. Сурет: allboxing.kz

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының  (WBA) жаңартылған рейтингінде екі саты жоғарылады, деп хабардайды Tengrinews.kz


Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының  (WBA) жаңартылған рейтингінде екі саты жоғарылады, деп хабардайды Tengrinews.kz

Өзінің соңғы жекпе-жегін Колумбияда жергілікті боксшы Франциско Кордероға қарсы өткізген Қанат қандасымыз кездесудің үшінші раундында жеңіске жеткен болатын. Осылай ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында өткізген 17 кездесуде 17-ші жеңіске жетіп отыр. Қанат оның 14-ін қарсыласын нокаутқа жіберіп, уақытынан бұрын аяқтаған.

Осы жеңісінің арқасында Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) мамыр айындағы рейтингі бойынша 11-сатыдан 9-сатыға көтерілді. Ал, Boxrec.com порталы өткен аптада қазақстандық боксшыны әлемдегі ең қарқынды боксшылары тізіміне қосты.

Айта кетейік, Қанат Ислам 1984 жылы 13 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. 2010 жылы ол Қазақстанға көшіп келген. Кейбір деректер бойынша, ол қазір Алматы облысының Қарасай ауданында тұрып жатыр.

Ол кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысты. Бұған дейін ол әуесқой бокста Қытай атынан Бейжің Олимпиадасына қатысып, қола медаль алған еді. Елге оралған соң WSB сериясында өнер көрсететін елордалық "Астана арландары" командасының намысын қорғады. Бүгінде боксшы АҚШ-тың Флорида штатындағы Pahokee базасында дайындалып жүр. 

Ал мұхиттың арғы жағында еліміздің намысын қорғап жүрген ауыр салмақтағы боксшымыз Бейбіт Шүменов болса WBA рейтингіндегі төртінші орнын сақтап тқр. Еске салайық, сәуір айында қазақстандық боксшы чемпиондық атақтарды біріктіру жекпе-жегінде Бернард Хопкинстан жеңіліп қалған болатын. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети