Шетелдіктер Бурабайда таудан түсе алмай қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бурабайдағы туристер Фото: Ақмола облысының ТЖД

Ақмола облысының Бурабай ауданында тоғыз шетелдік турист таудан өздігінен түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Tengri Travel Ақмола облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.


Ақмола облысының Бурабай ауданында тоғыз шетелдік турист таудан өздігінен түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Tengri Travel Ақмола облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Туристер Көкшетау шыңына көтерілген. Алайда 750 метр биіктікте төмен түсетін қауіпсіз жолды таба алмай, қиындыққа тап болған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар саяхатшыларды таулы аймақтан қауіпсіз жерге түсірді.

Төтенше жағдайлар департаменті тауға шығар алдында бағытты алдын ала мұқият зерделеп, ауа райын ескеріп, навигациялық құралдарды пайдалануға кеңес береді. Мамандар сондай-ақ тауға шыққанда өз мүмкіндігін асыра бағаламау қажет екенін ескертті.

Бұған дейін қазақстандықтар танымал шипажайлардағы жоғары бағаларға шағымданған еді. Әсіресе әлеуметтік желі қолданушылары Бурабайдағы катамаранмен серуендеу құнын Италиядағы Комо көліндегі демалыс бағасымен салыстырған.

TengriTravel
;