1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт

Қайрат Ахметов Қытайда One FC чемпионы болды

  • 2
© Facebook.com © Facebook.com

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қайрат Ахметов Бейжіңде WSOF тұжырымы бойынша 21 қарашада өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы хабарлайды.

One FC лигасындағы дебют жекпе-жегінде "Қазақ" деген лақап атпен танылған Ахметов бұл ұйымның чемпионы бразилиялық Адриано Мораешпен кездескен болатын. Аса жеңіл салмақтағы өнер көрсететін спортшылардың жекпе-жегі бес раундқа созылды, қорытындысында қазылар алқасының шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.   

Осылайша, Ахметов One FC чемпиондық титулын алды. Жеңіліп көрмеген "Қазақ" ММА-дағы 23-ші жеңісін тойлады. 

Қайрат Ахметов - Alash Pride тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Ол әр жеңісінен кейін қазақтың "Қара жорға" биін билейтіндігімен танымал.