Қазақ балуаны Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарында топ жарды

10 Қыркүйек 2014, 16:24
0
Қазақ балуаны Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарында топ жарды - ©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өтіп жатқан І Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарында қазақстандық Азамат Сатыбалдинов қырғыз күресінен чемпион атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қырғыз күресінен ақтық сын бүгін - 10 қыркүйекте "Рух Орда" этнокешенінде өтті. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Азамат Сатыбалдинов Қырғызстан өкілі Бектұрсын Толошұлымен финалдық белдесуде жолығып, қарсыласынан басым түсті.

Ал Қазақстанның екінші өкілі - қырғыз күресінен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алмат Тайбағаров қырғыз Дулат Момбековтен ұтылып қалды.

Еске салайық, алғаш рет өтіп отырған Көшпенділер ойындарына 20-ға жуық елден 400-ге тарта спортшы қатысып жатыр. Шара 9 және 14 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл халықаралық шара туралы әлемнің ВВС, "Әл Жазира", ТРТ АВАЗ сияқты беделді ақпарат құралдары хабар таратады. Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындары аясында Nomad folk атты фольклор фестивалі мен Ethno Fashion атты сән көрсетілімі де ұйымдастырылады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай