05 қыркүйек 2017 | 09:13

Қазақ күресінен "Әлем Барысы" түйе балуандар арасындағы әлем чемпионаты өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 қыркүйек күні Астанадағы "Барыс Аренада" қазақ күресінен "Әлем Барысы" түйе балуандар арасындағы әлем чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

8 қыркүйек күні Астанадағы "Барыс Аренада" қазақ күресінен "Әлем Барысы" түйе балуандар арасындағы әлем чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

EXPO халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған беделді бәсекеге 40 елдің балуаны қатысады. Шетелдік спортшыларға Қазақстанның төрт балуаны төтеп береді. 

22 тамыздан бастап қазақ күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиын қорытындысы бойынша бас жаттықтырушы Ерлан Естек бастаған баспкерлік кеңес "Әлем Барысында" ел намысын қорғайтын балуандарды іріктеді. Олар: төрт дүркін әлем чемпионы және Қазақстан Барысы жеңімпазы Айбек Нұғымаров, әлем чемпионы және Қазақстан Барысы турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов, жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін Айбат Сейтен және Дәурен Нұралинов.

Сонымен қатар, биылғы Қазақстан Барысы жеңімпазы Еламан Ерғалиев, танымал түйе балуан Ержан Шынкеевтің қатысуы да тек мүмкін.

Айта кетейік, "Әлем Барысы" осымен екінші рет өткелі тұр. 2014 жылы алғашқы турнирге 35 елдің апайтөс балуандары қатысты. Олардың арасында дзюдодан әлем және Олимпиада чемпионы чеx Лукаш Крпалек, самбодан әлем чемпионы армениялық Гарибян Арутюн, дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері неміс Раймунд Гирдц, кураштан әлем чемпионы изральдық Грегори Рудельсон, алыштан Азия чемпионы парсы Мухаммад Теймоури Сарах, Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері кубалық Оскар Рене Видал Брайсон және тағы басқа атақты балуандар боз кілемге шыққан еді. Тартысты бәсеке нәтижесінде алтын белбеу мен жүз мың АҚШ долларды кубалық Брайсон иеленді. Екінші орында Айбек Нұғымаров, үшінші сатыда ресейлік Максим Ширяев. Үш жыл бұрын xалықаралық турнир ретінде тұсауы кесілген "Әлем Барысы" бүгінде қазақ күресінен әлемнің абсолют чемпионаты деңгейіне өсті.

Біріншіліктің жалпы жүлде қоры 30 миллион теңге. Оның ішінде 15 миллионы жеңімпазға тиесілі. Дәстүр бойынша, алтын, күміс және қола белбеулер де қарастырылған. Жанкүйерлер де жүлдесіз қалмайды. Көрермендер арасында Renault Logan автокөлігі ойнатылады.

Әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар Астанаға келе бастады. Бүгінде Австралия, Жаңа Зеландия, Қытай және Гана балуандары Елордаға жетті. Жарыс шарты бойынша, барлық қатысушыларға қазақ күресінен арналған спорттық күртеше мен аяқ киім берілуде. Балуандарға фотоссессия ұйымдастырылып, шетелдік төрешілерге қазақ күресінің ережелері бойынша семинар өткізіледі.

6 қыркүйек күні сағат 18:00де Mega Silk Way ойын-сауық орталығында Alem Barysy қатысушыларының салтанатты салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімі өтеді. Әлемнің абсолют чемпионатын тікелей эфирде Qazaqstan, Qazsport, түріктің TRT Avaz, Ресейдің "Матч! Планета" және "Бокс ТВ" телеарналары көрсетеді.

Жарыс бағдарламасы:
10:00 Іріктеу белдесулері
13:00 Ашылу салтанаты
18:00 Ақтық белдесулер
18:30 Жеңімпаз және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети