Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Илья Ильиннің шешіміне қатысты пікір білдірді

30 Қазан 2018, 09:15
0
Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Илья Ильиннің шешіміне қатысты пікір білдірді - Илья Ильин.
Илья Ильин.

Қазақстанның ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Юрий Мельников Vesti.kz порталына берген сұхбатында әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильиннің 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына қатыспау туралы шешіміне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, мұның алдында Илья Ильин Түрікменстан астанасында өтетін 2018 жылғы әлем біріншілігіне қатыспайтынын мәлімдеген еді. "Мұны Қазақстан халқына қалай айтуды ұзақ ойландым, әлем чемпионатына қатыспайтынымды. Ақыры осы жерде айтуды ұйғардым. Әлем чемпионатына омыртқамда жарақат табылғанына байланысты қатыспаймын. (...) Бірақ көңілім түспейді, бәрі дұрыс. Ашхабадқа бапкер ретінде барамын. (...)", - деген еді Ильин.

"Иә, өкінішке қарай, солай. Ильиннің осыған дейін алған жарақаты қайта мазалап, нәтижесінде ол қазір ешқандай жүктемеге шыдай алмайды. Таяуда спортшы білікті мамандардың көмегіне жүгінеді. 2019 жылдың сәуірінде өтетін Азия чемпионатына дейін дайын болады деп сенеміз. Жалпы бұдан ешқандай трагедия жасаудың қажеті жоқ. Илья Ильин - тәжірибесі мол спортшы", - деді Мельников.

Бас бапкер жарысқа Ильиннің орнына кім баруы мүмкін екенін де айтты.

"Александр Зайчиковті 102 келіге дейін (мұның алдында 109 келіде болған) категорияға ауыстыруды жоспарлап отырмыз, бірақ бұл жайлы чемпионатқа соңғы өтініштер түскен соң нақты айта аламыз", - деді бапкер.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай