Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Қазақстан Барысы-2014" белдесулерінің билеттері сатылымға түсті

08 Маусым 2014, 14:49
0
Фото kazakhstanbarysy.kz сайтынан
Фото kazakhstanbarysy.kz сайтынан

29 маусым күні қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық белдесулері өтеді. Жалпыұлттық жоба аясындағы осы дәстүрлі турнирдің билеттері сатылымға түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төл күресімізден осымен төртінші рет ұйымдастырылатын ақтық сынға жыл сайын 8 миллионға жуық жанкүйер қызығушылық танытып отыр. Әрі бұл тың бастама Астана қаласының туған күніне орай ұйымдастырылатын түрлі мерекелік мәдени-спорттық шаралардың шиеленісті ұйытқысы болады.

Негізі, «Қазақстан Барысы» турнирінде жеңімпаздың, яғни «Алтын белбеу» мен «Тайтұяқ» иегерінің есімі ғана емес, темір тұлпар тізгіндеп қайтатын, мол олжаға кенелген көрермен де анықталып жүр.

Нақтырақ айтқанда, көрермендер арасында Hyundai Elantra автокөлігі лотерея арқылы ойнатылады. Үр жаңа автокөлікті ұтып алғыңыз келсе, бағасы 1000, 3000 және 5000 теңге тұратын билеттерді сатып алуыңыз керек!

Сондай-ақ, көрермендерді темір тұлпардан бөлек тағы да түрлі тосын сый-сыяпаттар күтуде.

Ендеше, балуандармен қоса сіздер де бақтарыңызды сынап көре аласыздар, ұлттық күрес жанкүйерлері мен спорт сүйер қауым. Бәлкім, бағыңыз жанып, боз кілем жиегінде отырып-ақ олжалы болып, Hyundai Elantra ертеп қайтарсыз...

Жалпы, биылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық белдесулері 29 маусым күні елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Басталуы – 13:00-де.

Финалда 33 балуан бақ сынайды. Әр аймақтан екі балуаннан (16 х 2 = 32) және 2013 жылғы «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров боз кілем көрігін қыздырады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай