Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Қазақстан барысына" қатысатын Қарағанды балуандары белгілі болды

05 Мамыр 2014, 18:39
0
©"Қазақстан барысы" баспасөз қызметі
©"Қазақстан барысы" баспасөз қызметі
©"Қазақстан барысы" баспасөз қызметі
©"Қазақстан барысы" баспасөз қызметі

Қазақ күресінен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін "Қазақстан барысы" турниріне іріктеу кезеңі ел аймақтарында жалғасып жатыр. Бүгінге дейін еліміздің бес аймағында, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл облысы мен Астана қаласының ізін ала, Қарағанды өңірі де "Қазақстан барысы" финалына жолдама алған спортшылардың есімін анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы "Қазақстан барысы" турниріне іріктеу кезеңінің ІІІ айналымын өте жоғары деңгейде ұйымдастырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлық табысталып, топтан озған балуанға "Peugeot 301" көлігі сыйға тартылды. Аса тартысты өткен белдесулер нәтижесі бойынша Асылхан Бәрменов облыстық сынның жеңімпазы атанды. Финалда ол талантты балуан Бекзат Ахметбековті жеңді. Енді аталған екі балуан биыл төртінші рет жалауы желбірейтін "Қазақстан барысы" турнирінің финалында Қарағанды облысының намысын қорғайды.

"Дайындық өте қызу өтті. Биыл қалайда финалға шығамын деп мақсат қойғанмын. Аллаға шүкір, облыстық сында жеңімпаз атандым. Енді тыңғылықты түрде финалға дайындаламын. Өзім осымен екінші рет "Қазақстан барысы" жобасының ақтық айқасында бақ сынағалы тұрмын. 2012 жылы Астана төрінде жерлес балуан Ержан Шынкеевтен ұтылған едім. Бұйырса, биылғы финалда барымды саламын", - дейді қарағандылық Асыл Барменов.

"Облыстық турнирде топ жару оңай емес. Жыл санап, қазақ күресіне ден қойған балуандар саны артып келеді. Сондықтан, бұл жолы облыстық сынның финалына жету де біраз қиындық туғызды. Бұйырса, биыл облыс намысын абыроймен қорғаймын деген үміттемін", - дейді облыстық жарыстың финалисі Бекзат Ахметбеков.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін финалға Руслан Әбдіразақов пен Айбек Серікбайұлы (Қызылорда облысы), Дархан Жоламанов пен Батырхан Жүнісов (Павлодар облысы), Арман Әбеуов пен Нұрғали Байтарақов (Астана қаласы) жолдама алған болатын. "Қазақстан барысы" жобасының финалы 29 маусым күні Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтеді.
 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай