04 тамыз 2014 17:45

Қазақстан құрамасы әлемдік "Гран-придің" финалдық кезеңіне шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Волейболдан Қазақстан құрамасы. © fivb.org Волейболдан Қазақстан құрамасы. © fivb.org

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Чехияда өткен әлемдік "Гран-При" додасының екінші кезең қорытындысы бойынша үздік төрт елдің қатысуымен өтетін финалдық кезеңге жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Чехияда өткен әлемдік "Гран-При" додасының екінші кезең қорытындысы бойынша үздік төрт елдің қатысуымен өтетін финалдық кезеңге жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Қазақстан құрамасы Брно қаласында өткен ойындарда Мексика мен Алжир құрамаларынан басым түсіп, соңғы кездесуінде алаң иелеріне Чехия құрамасына есе жіберіп алды. Сөйтіп, қоржындарына 10 ұпай жинаған біздің құрама Болгария жерінде өтетін финалдық кезеңге қатысу құқығына ие болды.

Әлемдік "Гран-придің" "С" тобына жиналған құрамалардың арасында Чехия арулары үздік шықты. Олар турнир барысында алты кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Екінші орынға 16 ұпаймен Болгария құрамасы жайғасса, үздік үштікті 12 ұпаймен Хорватия түйіндеп тұр. Ал Кениямен ұпайы тең болған Қазақстан құрамасы доп айырмасы бойынша төртінші жолдамаға қол жеткізді. 

Айта кетейік, волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы "Гран-при" бәсекесіне 2007 жылдан бері қатысып келеді. Десе де, біздің құраманың осы уақытқа дейінгі көрсеткен нәтижелері нашар. Бес жылдың ішінде бұл турнир барысында 43 кездесу өткізген Александр Гутор шәкірттері  небәрі 6 кездесуде ғана жеңіске жеткен. Сондықтан да былтыр Қазақстан құрамасы "В" дивизионынан "С" дивизионына сырғып қалды. Егер 15 және 17 тамыз аралығында Болгария жерінде өтетін финалдық кезеңде біздің құрама топ жарып жатса, онда қайта "В" дивизионына жолдама алады. 

Еске салайық, бір апта бұрын әлемдік "Гран-Придің" бірінші кезеңі Алматыда өткен болатын. Бірінші кезең барысында жерлестеріміз Австралияны жеңіп, Чехия мен Хорватия құрамасынан ұтылып қалған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети