Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасына аттанды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: olympic.kz Фото: olympic.kz

16 шілдеде Қазақстан олимпиадалық командасының негізгі бөлігі Жапонияға ұшып кетті. Алматыдан бірінші рейспен 128 адам Токиоға бет алды. Олардың қатарында спортшылар, бапкерлер, дәрігерлер, ғылыми-кешенді топ мүшелері, Олимпиададағы Қазақстан Миссиясының өкілдері бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

16 шілдеде Қазақстан олимпиадалық командасының негізгі бөлігі Жапонияға ұшып кетті. Алматыдан бірінші рейспен 128 адам Токиоға бет алды. Олардың қатарында спортшылар, бапкерлер, дәрігерлер, ғылыми-кешенді топ мүшелері, Олимпиададағы Қазақстан Миссиясының өкілдері бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Токиоға "Ақбұлақ" олимпиадалық базасынан каратэшілер, садақ атушылар, үстел теннисі мен семсерлесу командасы, ауыр атлеттер мен боксшылар аттанды. Өзге де жаттығу базаларынан жүзу спортының, су добы спортының өкілдері, жеңіл атлеттер, велошабандоздар, стенд ату мен нысана көздеуден құрама командалар, сондай-ақ, дзюдошылар Токиоға жол тартты. 

Атлеттер екі апталық карантинде болып, соңғы жаттығу жиындарын Алматы қаласы мен Алматы облысында өткізді. Ойын қарсаңындағы соңғы күндерді спортшылар оқшаулану режимінде өткізіп, сыртқы әлеммен байланысқа түскен жоқ. 

"Біз Олимпиада ойындарына қатысушы спортшылардың қауіпсіздігіне бағытталған ХОК пен Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің барлық талабын орындадық. Ұлттық олимпиадалық комитет пен ұлттық федерациялар спортшылардың сапалы әрі қауіпсіз дайындалуына бар жағдайды жасады.  Біздің командадағы 96 спортшы ортақ еңбегіміздің жемісі. Спортшылар мен бапкерлерге, сондай-ақ, спорттық дәрігелерге бірлескен жұмысы үшін рақмет айтамыз", - делінген Ұлттық олимпиадалық комитетінің жазбасында.

Делегацияның алғашқы бөлігі чартерлік рейспен Алматыдан Токиоға ұшып кетті.

28 шілдеге жоспарланған екінші рейспен Жапонияға 43 адам жол тартады. Олардың қатарында балуандар, көркем гимнастикадан Қазақстан командасы, әртістік жүзу, бессайыс және жеңіл атлеттердің бір бөлігі бар. 

Жаттығу кезінде арнайы спорттық базаларды қажет еткен спортшылардың шамамен үштен бір бөлігі карантин мен дайындықтың ақырғы кезеңін шетелде өткізді. Олар тікелей Токионы бетке алады. 

8 шілдеден бастап Жапонияда Олимпиада ойындарындағы Қазақстан Миссиясы жұмысын бастады. Қазақстан елшілігі мен СІМ қолдауы арқылы спортшылармен кездесуге қажетті заттар мен жаттығуға керекті қосымша құрылғылардың барлығы да дайындалды. 

Олимпиада ауылындағы тіршілік те карантин талаптарына сай болмақ. Түрлі ел командаларының, әртүрлі спорт түрлеріндегі атлеттердің өзара байлансуына тыйым салынған. Олимпиадалық ауыл мен жаттығу және спорт залдарының арасындағы маршруттан ауытқуға болмайды, қоғамдық көлікті пайдалануға рұқсат жоқ. Коронавирусқа байланысты күн сайын тест тапсыру міндетті саналады. Сонымен қатар, спортшылардың жүрген орны мен денсаулық жағдайын бақылайтын бірнеше қосымшаларды ұялы телефонға орнату міндеттеледі. 

Қазақстан олимпиадалық командасының сапында 97 лицензия жеңіп алған 96 спортшы бар. 

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 23 шілдеде Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де Токио стадионында басталады. 

 Суреттер: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro