17 шілде 2021 11:12

Олимпиада жүлдегері қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елдос Сметов. Фото: Olympic.kz Елдос Сметов. Фото: Olympic.kz

Рио-2016 күміс жүлдегері дзюдошы Елдос Сметов Токиода өтетін ойындар алдында қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


Рио-2016 күміс жүлдегері дзюдошы Елдос Сметов Токиода өтетін ойындар алдында қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Құрметті жанкүйерлер! Бүгін біз ең маңызды жарыс - Токиодағы Олимпиада ойындарына ұшамыз. Ойындарда біз еліміздің туын көтеріп, жақсы өнер көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ал сіздер, жанкүйерлер, бізге қолдау көрсетесіздер. Сіздің қолдауыңыз өте қажет. Бұл біз үшін өте маңызды! Алға, Қазақстан", - деді Сметов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының негізгі бөлігі Токиоға ұшып кеткені хабарланды. Жазғы Олимпиада ойындары 23 шілдеде басталады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети