06 наурыз 2014 14:25

Қазақстан паралимпиадашылары Сочиде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет paralympic.kz сайтынан Сурет paralympic.kz сайтынан

Ертең Сочиде қысқы Паралимпиада ойындары басталады. Оған біздің елден тұңғыш рет бес спортшы қатысады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ел спорты тарихына көз жүгіртсек, қысқы Паралимпиада ойындарына алғаш рет 1994 жылы бір спортшымыз қатысқан. Содан бері біздің елге бір лицензия бөлініп жүрді. Ал Сочиде өтетін Паралимпиада ойындарына бес спортшымыз бірнеше лицензия жеңіп алды. Мұны соңғы жылдары кембағал спортшыларымызға қолдау көрсетіліп отырғандығының нәтижесі деп түсінеміз. Әрі Қазақстан ұлттық паралимпиадалық комитетінің де қажырлы еңбегін атап өтуге тиіспіз. Бір жылдан асты Қазақстан паралимпиадашыларын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры, ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігі де жан-жақты демеп-жебеп келеді. Қазақстан паралимпиадашылары Сочиге 1 наурызда барған. Содан бері жерсінуден толық өтіп, дайындалу үстінде. Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын Ерлан Омаров ұстап шығатын болып шешіліпті. Жалпы, біздің елден Сочи Паралимпиадасына бес спортшы қатысады: 1) Жаңыл Балтабаева (23-те; шаңғымен жарысу /отырып/; 1 шақырымдық спринт және 5 шақырымдық бәйге). 2) Елена Мазуренко (47-де; шаңғымен жарысу /түрегеп/; 1 шақырымдық спринт еркін әдіспен, 5 шақырымдық бәйге және ашық эстафета). 3) Қайрат Канафин (38-де; көзінен зақымданғандар арасында екі спорт түрінде өнер көрсетеді: биатлон және шаңғымен жарысу; биатлон – 7,5 шақырымдық бәйге; шаңғымен жарысу – 1 шақырымдық спринт еркін әдіспен, 10 шақырымдық бәйге және ашық эстафета). 4) Ерлан Омаров (51-де; шаңғымен жарысу /түрегеп/; 1 шақырымдық спринт еркін әдіспен және 10 шақырымдық бәйге). 5) Александр Колядин (41-де; шаңғымен жарысу /түрегеп/; 1 шақырымдық спринт еркін әдіспен, 20 шақырымдық бәйге және ашық эстафета). Қазақстан паралимпиадашылары ішінен алғаш болып, 8 наурыз күні Қайрат Канафин жарыс жолына шығып, биатлоннан көзінен зақымданғандар арасындағы 7,5 шақырымдық бәйгеде бақ сынайды. 28 ақпан күні Алматы облысындағы "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде Қазақстан паралимпиадашыларын Сочиге шығарып салу кеші ұйымдастырылған болатын. Оған ҚР ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті Дархан Қалетаев, ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен және басқа да лауазымды адамдар қатысып, паралимпиадашыларымызға ақ жол тіледі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети