09 қыркүйек 2016 14:15

Қазақстан Президенті алтын медаль жеңіп алған жүзуші Зүлфия Ғабидуллинаны құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram @alexandrvinokurov Instagram @alexandrvinokurov

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтар атынан Зүлфия Ғабидуллины Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарында жүзуден алтын медаль жеңіп алуымен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтар атынан Зүлфия Ғабидуллины Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарында жүзуден алтын медаль жеңіп алуымен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Сен ел тарихында Паралимпиада ойындарындағы тұңғыш медальға қол жеткізіп, халқымыздың мерейін арттырып, зор қуанышқа бөледің. Халқың сені Қазақстанның атын әлемге әйгілі еткен мықты спортшы ретінде таниды. 100 метрге еркін стильмен жүзуден әлем рекордын жаңартып, алтын жүлдеге қол жеткізген бүгінгі жеңісің соны тағы бір дәлелдеді. Бұл жеңісің жылдар бойғы қажырлы еңбегіңнің жемісі деп білемін", - делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті спортшыға зор денсаулық тілеп, келешекте жаңа белестерді бағындыра беруіне ниеттестік білдірді.

Айта кетейік, Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарында жүзуден Зүлфия Ғабидуллина алтын медаль жеңіп алған болатын. Қазақстандық 100 метр қашықтыққа еркін стильде жүзуден әлем рекордын жаңартты. Ол әлемнің алты дүркін чемпионы және Азиа Пара ойындарының чемпионы, әлемнің қола жүлдегері. Спортшы әлем рейтингінде үздік сегіздікке кіреді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети