05 мамыр 2014 13:15

Қазақстан шаңғышылары Полторанинге жауап жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото nflg.kz сайтынан Фото nflg.kz сайтынан

Шаңғымен жарысу спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі құрамындағы спортшылар Алексей Полтораниннің мәлімдемелеріне қатысты ресми хат жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz осы спорт түрінен отандық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шаңғымен жарысу спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі құрамындағы спортшылар Алексей Полтораниннің мәлімдемелеріне қатысты ресми хат жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz осы спорт түрінен отандық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР шаңғы жарыстары федерациясы ұлттық құрама сапындағы спортшыларымыздың ашық хатын барлық отандық басылымдарға таратты. Бұл хат елімізге танымал 15 шаңғышының атынан жіберілген. Атап айтқанда хат жолдаушылар:

Николай Чеботько, Евгений Кошевой, Марк Старостин, Сергей Малышев, Александр Малышев, Геннадий Матвиенко, Ердос Ахмадиев, Татьяна Осипова, Елена Коломина, Виктория Ланчакова, Марина Матросова, Анна Стоян, Анна Шевченко, Ольга Мандрика және Оксана Яцкая.

Олар жанкүйерлерге жолдаған екі бетке жуық ашық хаттарында ҚР шаңғы жарыстары федерациясын қолдайтындықтарын білдірген. Федерация басшылары барлық жағдайды жасап отырғандарын жіпке тізген.

"Соңғы жылдары Қазақстанда шаңғы спортына көп көңіл бөліне бастады. Алдағы уақытта біздің шыңғышылар Ресей, Норвегия, Швеция, Финляндия секілді осы спорт түрінің көшбасшыларына лайықты деңгейде бәсекелес бола алады", – деліген жоғарыда аталған ашық хатта.

Әрі біздің көптеген спортшыларымыздың жоғары нәтижеге қол жеткізе алмай жүргендерін, оның өзіндік әр түрлі себептері бар екендігін де атап өткен.

"Біздің сервисмендердің жұмыстарына басқа командалар таңдана қызығады" деп те баяндалған. Сондай-ақ сервисмендердің арқасында соңғы жылдары көңілге қонымды нәтиже көрсете бастағандарына да тоқталып өткен. Атап айтқанда:

2013 жылғы әлем чемпионаты – 2 қола;
2012/2013 жылдардағы әлем кубогының кезеңдік жарыстары – 1 алтын;
2013/2014 жылдардағы әлем кубогының кезеңдік жарыстары – 1 күміс;
Жастар арасындағы 2013 жылғы әлем чемпионаты – 1 күміс, 1 қола;
2013 жылғы Бүкіләлемдік Универсиада – 2 алтын, 1 күміс, 1 қола.

Соңғы жылдары жан-жақты жағдай жасалып отырғандығы да баяндалған. Спорттық жабдықтармен толықтай қамтамсыз етілгендері де тілге тиек етілген.

Шаңғышылар өз хаттарын үнемі қолдап-жебеп отырғандары үшін жанкүйерлерге алғыс айтумен аяқтаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети