27 қаңтар 2014 13:57

Қазақстан ұлттық құрамасы Литвамен жолдастық кездесу өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚФФ сайтынан Сурет ҚФФ сайтынан

Үстіміздегі жылдың 5 наурызында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литва құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сүйенген Tengrinews.kz. Ойын Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны кезінде Түркияда өтеді. "Келісімсөздер екі елдің федерация басшылары деңгейінде жүргізілді", деп жазылған ҚФФ-тың ресми сайтында. Жалпы, Литва ФИФА рейтингінде 103-ші, УЕФА рейтингінде 44-орында тұр. 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасы кезінде үш ойында жеңіске жетіп, екеуінде тең түскен. Соның арқасында 11 ұпайды еншілеп, өз тобында Латвия мен Лихтенштейн құрамаларын артта қалдырды. Бүгінде құрамында Гедрюнас Карчемарскас («Газиантепспор» Түркия), Гедрюс Арлаускис («Рубин» Қазан), Мариус Станкявичюс («Лацио» Италия), Дейвидас Шемберас («Алания» Ресей), Эдгарас Чеснаускис («Ростов» Ресей) сынды саңлақтары бар. Литва құрамасын 49 жастағы жергілікті маман Игорь Панкратьев жаттықтырады. 1980 жылдары Вильнюсстің "Жальгирис" командасында жасындай жарқылдаған. Айтпақшы, бұған дейін Қазақстан мен Литва ұлттық құрамалары жасыл алаңда бірде-бір рет кездеспепті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети