29 тамыз 2014 | 21:24

Қазақстандағы таэквондо мектептері тегін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©e-crimea.info ©e-crimea.info

Қазақстандағы таэквондо мектептері балаларды тегін дайындайды. Негізгі мақсат - дарынды балаларды табу. "Алаш айнасы"  порталына сұхбат берген Қазақстанның таэквондо федерациясының президенті Вячеслав Кимнің айтуынша, бүгінде екі қалада спорттың осы түрінен мектептер бар. Алдағы уақытта тағы бес мектеп ашу жоспарланып отыр. 

Иконка комментария блок соц сети

"Бұл бастама арнайы бағдарлама аясында қолға алынып отыр. Биыл Астана мен Алматы қалаларында таеквондоның екі мектебі ашылды. Онда балалар осы спорттың қыр-сырын тегін үйрене алады. Жалпы, Қазақстан бойынша ондай жеті мектеп болады. Біз аймақтар бойынша ашуды қаладық, яғни дарынды балалардың шыққан жеріне қарай. Оңтүстік Қазақстан, батыс пен шығыс бар. Енді, барлық аймақтарды қамтуға тырысамыз. Жоспар бойынша әрбір өңірде таеквондоның тегін мектебі болады. Федерация барлық шығындарды өз бюджетінен төлейді. Не үшін? Негізгі мақсат - спортта дарынды балаларды анықтау. Балаларды бес жастан бастап қабылдаймыз. Барлық мектептерге Мұстафа Өзтүріктің аты беріліп жатыр. Себебі осы танымал спортшының арқасында Қазақстанға таеквондо сияқты спорт түрі дами бастады", - дейді Ким. 

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан бойынша шамамен 11 мың адам таэквондомен айналысып жүр. Олардың 80 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети