Хоккейден Ресей мен Қазақстан арасындағы финалдық кездесу аяқталғаннан кейін ресейлік құрама өкілінің әдепсіз қылығы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Хоккейден Ресей мен Қазақстан арасындағы финалдық кездесу аяқталғаннан кейін ресейлік құрама өкілінің әдепсіз қылығы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Матчтың аяқталғанын білдіретін ысқырықтан кейін камера ресейліктердің қуанышын көрсеткен, осы кезде ресейлік штабтың өкілдерінің бірі әдепсіз қылық көрсеткен. Мұның кімге арналғаны белгісіз.
Айта кетейік, матч 1:0 есебмен аяқталған еді. Ойынның шешуші сәті 42-ші минутта болды. Қазақстан құрамасының қақпасынан ресейлік Даниил Ильин саңылау тапқан еді. Осылайша Ресей құрамасы алтыншы рет және екінші рет қатарынан Универсиаданың алтын медалін алып отыр.