08 ақпан 2017 17:19

Универсиада финалы: Хоккейден Қазақстан құрамасы ресейліктерге есе жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © Владимира Дмитриева, Vesti.kz © Владимира Дмитриева, Vesti.kz

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиаданың ерлер арасындағы хоккейдің финалында Қазақстан құрамасы ресейліктерге есе жіберді. Кездесу 0:1 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.


Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиаданың ерлер арасындағы хоккейдің финалында Қазақстан құрамасы ресейліктерге есе жіберді. Кездесу 0:1 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

Халық аренада өткен матчта бірінші және екінші кезеңдерде есеп ашылмады. Ойынның шешуші кезі 42-ші минутында болды. Біздің қақпадан саңылау тапқан Даниил Ильин болды. Осылайша Ресей құрамасы алтыншы рет және екінші рет қатарынан Универсиаданың алтын медалін алып отыр. Осы матчты "Хабар" арнасы тікелей эфирден көрсетті. 

Алматыда өткен 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы 36 медальға қол жеткізді.

Еске салайық, жартылай финалда Қазақстан құрамасы чех елінің хоккейшілерінен айласын асырды. Қазақстан мен Чехия құрамалары топтық кезеңде де ойнаған болатын. Ол ойында отандастарымыз қарсыластарын 8:0 есебімен жеңген еді. Сергей Старыгиннің шәкірттері қарсыластарын 4:1 есебімен жеңді. Ал Ресей спортшылары жартылай финалда канадалықтармен кездесіп, 4:1 есебімен ұтқан болатын.

Айта кетейік, Канада хоккейшілері Универсиаданың қола жүлдегері атанды. Олар үшінші орынға талас матчында Чехия хоккейшілерімен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети