31 қаңтар 2014 15:13

Қазақстанды Олимпиада картасына енгізген қыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретте: Александра Артеменко (сол жақта). 1955 жыл, Чехословакия. Суретте: Александра Артеменко (сол жақта). 1955 жыл, Чехословакия.

"Александра Ивановна Артёменко – сонау 1956 жылы жер шарындағы Олимпиада картасына кең байтақ Қазақстан жерін енгізген тұлға" дейді Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап. ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының басталуына аз ғана қалды. Бұйыртса, кезекті Ақ Олимпиаданың алауы 7 ақпан күні Ресейдің Сочи қаласында тұтанады. 7-23 ақпан аралығында өтетін дүбірлі додаға Қазақстан спортшылары да жан-жақты әзірленуде. Төрткүл дүниені "боладысымен" елітіп отырған ХХІІ қысқы Олимпиадаға біздің ел 52 ұл-қызын үкілеп қоспақ. Олар 11 спорттың түрінде бақ сынайды. Ал біз бүгіннен бастап қысқы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан спортының тарихына аз-маз тоқтала кетпекпіз. Ең бірінші, қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары алғаш рет қашан қатысып, тарихымыздың қашан басталғандығына көңіл бөлсек. Тұңғыш рет Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы – шаңғымен таудан құлдырау спортының майталманы, марқұм Александра Артеменко. Ол 1956 жылы 26 қаңтардан 5 ақпанға дейін Италияның Кортина Д'Ампеццо қаласында өткен VІІ Ақ Олимпиадада бақ сынаған. Өкінішке қарай, Кеңес Одағының 11 дүркін чемпионы болған қайсар қыздың Кортина Д'Ампеццода бағы жанбайды. Кортина д'Ампеццода Александра төрешілердің "кәріне" ілігеді. "Гиганты слаломда" қазақстандық спортшыға фальстарт жарияланады. Бірақ Артёменконың өзі "төреші иығымнан қолын алғанда ғана сытылып шыққанмын" дейді. Жарыс жолына сол шыққанынан аяғына дейін зулап өткен Артёменко, жоғары шыққанша және қайтадан мәре сызығына келіп көмбеге жеткенше едәуір уақыт жоғалтады. Сөйтіп, осы уақыттардың бәрі оның еншісіне жазылып ол, сол сынға қатысқан 49 спортшының ішінен 44 орынға ие болады. Ережені білмей көп уақыт жоғалтқан тек Артёменко ғана болмаса керек. Төрешілер "слаломда" оны жарысқа да қатыстырмай айыптайды. "Жылдамдықпен зулауда" ол 14 орынды қанағат тұтады. Жалпы, бұл дүбірлі дода біздің ғана емес, бүкіл Кеңес Одағы спортшыларының қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысулары еді. Сол жылы VІІ-қысқы Олимпиада ойындарына КСРО сапында Ресей Федерациясынан 50 спортшы, Қазақстан, Эстония және Грузиядан бір-бір спортшыдан барған болатын. Шашы аппақ қудай болған Александра апай өмірінің соңғы жылдары Алатаудың етегінде, Шымбұлақ жақта тұрды. Егде тартса да, тау баурайынан кете алмады. Біраз жыл бапкерлікпен айналып, бірнеше КСРО чемпиондарын тәрбиелеп шығарған. 1928 жылы 14 қаңтарда Сібірде туып, Красноярск өлкесінің кішігірім қонысында өскенімен, Алматы дене тәрбиесі институтына келіп түсіп, қазақ жерін бауыр басып қалған. Қырқыншы жылдардың аяғында шаңғымен жүгіруден Ресей Федерациясы құрамының сапында өнер көрсеткен қыз, соңғы медалын 1974 жылы тау шаңғысы спортынан Қазақ КСР чемпионы болып, жеңіп алады. Осы жылдар ішінде ол 11 рет КСРО чемпионы, 15 рет екінші жүлдегері, 6 рет қола жүлдегері болады. Қалай десек те, Александра Ивановна Артёменко, сонау 1956 жылы жер шарындағы Олимпиада картасына кең байтақ Қазақстан жерін енгізген – тұлға! Сол кездегі қайсар қыздың аты қазақ спортының тарихында алтын әріптермен жазылып қалған және біздің Олимпиадалық ойындардағы бір-біріне ұласқан жаңа жеңістеріміздің шежіресінің басы болып қала бермек. Ол 2010 жылы 25 қыркүйекте, 82-ден асқан шағында дүние салды. Қазір жыл сайын Шымбұлақта тау шаңғысынан "Артёменко жүлдесі" сарапқа салынып тұрады...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети