19 қараша 2020 10:18

Қазақстандық ауыратлет қыз әлем кубогында алтын иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.kz © vesti.kz

Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан онлайн әлем кубогының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Olympic.kz.


Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан онлайн әлем кубогының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Дереккөз мәліметінше, Перудің Лима қаласында Перу ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен онлайн әлем кубогы өтіп жатыр.

Жарыстың кезекті күнінде қыздар арасында 81 келіден жоғары салмақта қазақстандық спортшы үздік деп танылды. Айсамал Сансызбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 244 келіні еңсеріп, Қазақстан қоржынына кезекті алтынды салды. Жастар арасында алғашқы жарысына қатысқан тағы бір қазақстандық Жанәли Тұяқов үшінші орын алды. Ол ұлдар арасында 102 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынап, қоссайыс нәтижесі бойынша 319 (140+179) келіні көтерді. 

Осылайша, Қазақстан қоржыны тағы бір алтын, бір қола жүлдемен толықты. Осыған дейін Абылай Әуелханов пен Рахат Бекболат алтын алса, Гүлнұр Ыбырай қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети