11 тамыз 2016 08:51

Қазақстандық ауыратлет Нижат Рахимов Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ауыратлет Нижат Рахимов Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық ауыратлет Нижат Рахимов Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рахимов жұлқа көтеруге үшінші болды. Сөйтіп, 165 келі салмақты еңсерді. Кейін ол 168 келіге тапсырыс берген, алайда көтере алмады. Серпе көтеруде Рахимов екінші мүмкіндігінде 214 келіні көтеріп, жалпы 379 келі нәтижемен Олимпиада чемпионы атанды. Ал серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.


AFP©


©REUTERS

Күміс медаль 2012 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы қытайлық Люй Сяоцзюньге бұйырды. Ол жұлқа көтеруде жаңа әлем рекордын жаңартты (177 келі), бірақ ол Рахимовтан қосымша көрсеткіштер бойынша жеңілді. Үшінші орынды Мысыр спортшысы 361 ұпаймен Мохаммед Махмуд алды.  

Айта кетейік, ауыр атлетикадақ Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни осы күні спортшыларымыздың бір алтын және бір күміс алатынын айтып, уәде берген еді. Ал осыған дейін Қарлығаш Жаппарқұл күміс медаль алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети