24 қыркүйек 2021 11:08

Қазақстандық балуан америкалық жұлдыздарды таңғалдырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күш көрсеткіші бойынша төрт дүркін әлемдік рекордшы, Гиннес рекордшысы және Қазақстанның алты дүркін рекордшысы Сергей Цырульников күшін көрсететін видео түсірді. Бұл туралы Facebook-парақшасында танымал спортшы Террелл Оуэнс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Күш көрсеткіші бойынша төрт дүркін әлемдік рекордшы, Гиннес рекордшысы және Қазақстанның алты дүркін рекордшысы Сергей Цырульников күшін көрсететін видео түсірді. Бұл туралы Facebook-парақшасында танымал спортшы Террелл Оуэнс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір күн ішінде видеоны 2,3 миллионнан аса қолданушы қарап, 5 мыңға жуық пікір қалдырған. Танымал әртістер, музыканттар мен спортшылар жазылымға пікір қалдырған. Әлемдік бокс жұлдызы кіші Флойд Мейвезер әзілдеп: "Спортпен айналыспау керек кезде осылай болады", - деп пікір қалдырды.

Актер Лу Ферриньо да Халк туралы әзілдеуді ұйғарған. "Менің Халкты ойнағаным есінде жоқ па?", - деп жазды ол.

Видеода Сергей Цырулников шынжырды кеудесіне орап, оны бұлшықет көмегімен үзеді, темір тағаны, металл ыдыстарды майыстырады.

Ол видеоны америкалық телекомпаниялардың бірінің тапсырысы бойынша түсірген және ол АҚШ-тың телеарналарында көрсетілді.

"Менің мақсатым - Қазақстан мәдениетін, өткеннің мықтыларын дәріптеу, күш мәдениетін сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізу. Қазір технологиялар дәуірі, сондықтан оны әлеуметтік желілерде тарату ең жақсы жолы. Менің тағы бір бейнебаяным сегіз апта бойы америкалық чарттарда жетекші орында болды. Ол 160 миллионнан аса қаралым жинады", - деді Цырулников.

Қазақ балуанының TikTok-тағы бейнелері де өте танымал және әлемдік трендтерге түседі. Төрт миллионнан аса оқырман Цырульниковке жазылған, ал видеолары 10 миллион қаралым жинайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети