Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Универсиаданың екінші алтын медалін жеңіп алды

07 Ақпан 2017, 12:50
0
Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Универсиаданың екінші алтын медалін жеңіп алды -

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская қысқы Универсиада-2017 ойындарында 12,5 шақырым қашықтыққа масс-старт жарысынан екінші алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

Вишневская төрт нысананың біреуінен ғана мүлт кетіп, қашықтықты 36:15.4 минутта жүріп өтті. Күміс медаль украин спортшысы Яна Бондарьға (+1:02.3) бұйырса, қола медальді ресейлік Лариса Куклина (+1:13.1) жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық Елизавета Бельченко (+1:27.0) үш рет мүлт кетіп, төртінші орын алып қалды. Одан кейін тағы бір отандасыммыз Дарья Усанова (+2:10.9) келді. Ол алты рет мүлт кетті.

Осылайша, Вишневская Универсиаданың екінші алтын медалін алып отыр. Бұған дейін ол 7,5 шақырым қашықтықта жеңімпаз атанған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай