Қазақстандық Денис Ұланов ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогында күміс медаль алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Денис Ұланов ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогында күміс медаль алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ұланов екі жаттығудың қорытындысы бойынша 394 (175 +219) келі жинады. Бірінші орынды ресейлік Адам Малигов 397 (178+219) нәтижесімен жеңіп алды.
Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильиннің шәкірті Рүстем Сыбай 378 (166+212) ұпай жинап, төртінші орынды місе тұтты.
Қазақстанның атынан шыққан тағы екі ауыратлет Ермек Өміртай (350 келі) мен Семен Линдер (312 келі) тоғызыншы және он екінші орындарда тұрақтады.
Айта кетейік, РФ Президенті Кубогында Қазақстан құрамасы осымен екінші медальға ие болып отыр. Бұған дейін Светлана Подобедова 75 келіге дейінгі категорияда күміс жүлде алған болатын.