12 желтоқсан 2015 21:11

Светлана Подобедова ауыр атлетикадан РФ Президентінің Кубогында күміс жүлде иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Светлана Подобедова ауыр атлетикадан РФ президентінің Кубогында күміс жүлде иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Светлана Подобедова ауыр атлетикадан РФ президентінің Кубогында күміс жүлде иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Айта кетейік, Подобедовамен қатар 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әсем Садықова да бақ сынады. Ол Подобедовадан бұрын өнер көрсетуге шықты. Жұлқа көтеруде Садықова барлық үш мүмкіндігін сәтті пайдаланып, 85, 90 және 95 келілік штангаларды көтерді. 

Подобедова болса жаттығуды 111 келіден бастады, бірақ ол екінші шығысында 116 келі салмақты еңсере алмады. Алайда, қазақстандық ауыратлет бұл салмаққа тағы да екі келі қосқызып, оны көтере білді. 

Қорытындысында Подобедова жұлқа көтеруде екінші орында аяқтады, ол 118 келіні көтерген ресейлік Ольга Зубоваға есе жіберді. Ал Садықова 12-орынды қанағат тұтты. Садықова серпе көтеруде 120 келіні басынан асырса, Подобедова екінші мүмкіндігінде ғана 141 келіні еңсерді. Соңғы мүмкіндігінде ол 146 келі салмақты басынан асырды.

Айта кетейік, Грозныйдағы жарысқа сағат 21:30-да 105 келі салмақта Илья Ильин мен Александр Зайчиков шығады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети