24 маусым 2019 14:57

Қазақстандық жүзгіш АҚШ-та өткен жарыста жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olympic.kz © olympic.kz

АҚШ-та өткен жүзуден CA Dolfin Fran Crippen SMOC халықаралық турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар тағы үш медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден топ жарды. Ол аталған қашықтықты 23.76 секундта жүзіп өткен. Баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуде Мусин 52.42 секундты көрсетіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Ал финалдық бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Брасс әдісімен 100 метрге жүзуден Дмитрий Баландин күміс жүлдегер атанды. Баландиннің көрсеткіші - 1.00.12.

Әділ Қасқабай шалқалай жүзуден бесінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай Қазақстан ҰОК бастамасымен АҚШ-та жаттығуда. Спортшылар әйгілі маман Дэйв Салоның жетекшілігімен дайындалып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети