25 желтоқсан 2020 09:04

Қазақстандық шаңғышылардың жарысын әлемдік БАҚ күлкі қылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© COP ZVS TV © COP ZVS TV

Eurosport спорт сайты шаңғыдан Қазақстан Кубогі кезеңіндегі спринтерлік жарысты "керемет сандырақ" деп сипаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Eurosport спорт сайты шаңғыдан Қазақстан Кубогі кезеңіндегі спринтерлік жарысты "керемет сандырақ" деп сипаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Щучинскіде өткен жарыста қатысушылардың оғаш құлауы басылым тілшілеріне күлкілі көрінген. 

"Ерлер финалдың сөресіне шығып, адам сенгісіз жағдайлар басталды. Шаңғышылардың бірі орман ішімен өтетін тұста құлады, сосын тағы бірі жоғары қарай жылдамдық арттыратын кезде қарсыластың шаңғысына ілігіп қалды. Мәреге жетер тұста да бірдеңе болған сияқты", - делінген мақалада.

Спринтте Әлем Кубогі қатысушысы, әлем чемпионаттары мен Олимпиада қатысушысы Евгений Величко жеңімпаз атанды.

Басылым Қазақстандағы бұл жарысты Бруксвалларн-2019 жарысындағы швед қыздардың жаппай құлауы ғана асып түсетінін атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Лыжные Гонки и Лыжи ?? (@russki_sport)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети