Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында Қазақстанның ерлер құрамасы фристайл-акробатика бойынша синхронды секіру дисциплинасында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Команда құрамында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.
Осылайша, Қазақстанның фристайл-акробатика құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде үшінші орын алған болатын. Сондай-ақ, Аяна Жолдас жекелей сында қола жүлдеге ие болды, ал аралас команда күміс медаль жеңіп алды.
Бұған дейін Азиада-2025 ойындарында шорт-трек бойынша Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Біздің спортшылар бұл спорт түрінен алғаш рет алтын медаль еншіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!