24 тамыз 2016 | 13:11

Қазақстандық төрт ауыратлеттің Бейжің Олимпиадасындағы сынамасынан допинг табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Седов Владимир Седов

2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында қазақстандық төрт ауыратлеттің допинг сынамаларынан тыйым салынған заттар табылған, - деп хабарлайды Vesti.kz Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында қазақстандық төрт ауыратлеттің допинг сынамаларынан тыйым салынған заттар табылған, - деп хабарлайды Vesti.kz Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен тыйым салынған заттар 2008 жылғы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ирина Некрасованың (63 келіге дейін), қола жүлдегері Мария Грабовецкаяның (75 келіден аса), сондай-ақ Майя Манеза мен Владимир Седовтың допинг сынамаларынан табылған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта осы төрт спортшы жарыстардан уақытша шеттетілді.

Сондай-ақ, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының өкілдері спортшыларға қатысты тергеу жұмыстары аяқталмайынша, ешқандай да түсінік бермейтінін айтты.

Осыған дейін де Владимир Седовтың допинг сынамасынан тыйым салынған заттар табылған еді. 2006 жылы Седов 2008 жылдың маусым айына дейін шеттетілген болатын. Ал Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында Седов төртінші орын алды.

Еске салайық, Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанлоның 2012 жылғы Олимпиададағы сынамаларын қайта тексеру барысында допингтің бар екендігі анықталған. Ильиннің 2008 жылғы Олимпиададағы допинг сынамасында да тыйым салынған заттар бар болып шықты. Бұл спортшылар сол Олимпиада ойындарында алтын медаль алған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети