13 шілде 2016 19:14

Владимир Седовтың да сынамасынан допинг табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dailynews.kz © dailynews.kz

Қазақстандық ауыратлет Владимир Седов та допингпен ұсталды, - деп хабарлайды ProsportKz.kz басылымы.


Қазақстандық ауыратлет Владимир Седов та допингпен ұсталды, - деп хабарлайды ProsportKz.kz басылымы.

Тыйым салынған заттар Бейжіңдегі 2008 жылғы Олимпиаданың допинг-сынамасынан табылған. Халықаралық Олимпиада комитеті Дүниежүзілік антидопинг агенттігімен бірігіп ұйымдастырған қайта тексеріс барысында Седовтың "А" сынамасында станозолол табылған. Келесі аптада "Б" сынамасы ашылады. 

Айта кетейік, Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы, ХОК және WADA бұл мәліметті ресми түрде растаған жоқ. 

Айта кетейік, 28 жастағы Седовтың спорт мансабында допингпен ұсталған жағдай осыған дейін де болған. 2006 жылы ол 2008 жылдыуң мамырына дейін жарыстардан шеттетілген еді. Ал Бейжіңдегі Олимпиадада Седов төртінші орын алған болатын. 

Еске салайық, Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанлоның 2012 жылғы Олимпиададағы сынамаларын қайта тексеру барысында допингтің бар екендігі анықталған. Ильиннің 2008 жылғы Олимпиададағы допинг сынамасында да тыйым салынған заттар бар болып шықты. Бұл спортшылар сол Олимпиада ойындарында алтын медаль алған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети