17 наурыз 2014 18:02

Қазақстандық велошабандоз Эквадорда қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Пернебеков Эквадорда. Сурет: Спортшының ВК желісіндегі парақшасынан алынды. Ерлан Пернебеков Эквадорда. Сурет: Спортшының ВК желісіндегі парақшасынан алынды.

Эквадорда қазақстандық велошабандоз Ерлан Пернебеков қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Астана" велокомандасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Спортшы құрлықтық "Астана" велокомандасымен бірге Эквадорда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жүрген. 14 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша кешқұрым кезекті жаттығу жиындарынан соң Пернебеков басым ауырып тұр деп шағымданып, емханаға жедел жеткізілген. Дәрігерлердің анықтауы бойынша, спортшының күретамыры жарылып кеткен. Оның арты инсультқа алып келген. Дәрігерлер спортшыны сол сәтте-ақ жасанды ессіз күйге (кома) түсірген. Емханада оның қасында үнемі команданың бас бапкері Владимир Ремыга болған. Осы уақыттарда команданың басшылары ҚР СІМ бірлесе отырып, спортшыны елге алып келу мәселесін шешуде. Осы орайда, "Астана" велокомандасы Ерлан Пернебековтың барлық жақындары мен туыстарына көңіл көңіл айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети