10 қазан 2014 12:01

Кебіспаев Азиадада жағы сынған және миы шайқалған күйде қола жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмат Кебіспаев (көк киімде) ©Конфедерацияның баспасөз қызметі Алмат Кебіспаев (көк киімде) ©Конфедерацияның баспасөз қызметі

Грек-рим күресінің қазақстандық палуаны Алмат Кебіспаев Инчхондағы Азия ойындарына ауыр жарақатпен қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Грек-рим күресінің қазақстандық палуаны Алмат Кебіспаев Инчхондағы Азия ойындарына ауыр жарақатпен қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшының Солтүстік Корея палуанымен жекпе-жегінде миы шайқалып, жағы сынды, бірақ ол бұған қарамастан ойынды жалғастырды. Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы өкілдерінің айтуынша, жаттықтырушылар штабы шығарғысы келмесе де, ол өз еліне жүлде әперу үшін күреске шығатынын мәлімдеді. Нәтижесінде спортшы Азиадада қола жүлдеге қол жеткізді.

Алматы қаласында Алмат Кебіспаевқа сәтті ота жасалды, қазір оның денсаулығы түзеліп келеді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Алмат Кебіспаев 59 келі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінің қола жүлдегері атанған. Ол үшінші орынға таласта өзбек палуаны Ахмоджон Махмұдовты жеңді. Жалпы алғанда, қазақстандық палуандар Инчхонда өткен Азиадада 10 медаль алды (1 алтын, 4 күміс және 5 қол медаль). Қазақстан құрамасының қоржынына барлығы 28 алтын, 23 күміс және 33 қола медаль түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети