30 қаңтар 2020 12:56

Коби Брайанттың тақия киіп, Қазақстан туымен түскен суреті пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коби Брайант қызы Джианна Мариямен. © TMZ Sports Коби Брайант қызы Джианна Мариямен. © TMZ Sports

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі әйгілі баскетболшы Коби Брайанттың тақия киіп, Қазақстан туымен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengirnews.kz тілшісі. 


Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі әйгілі баскетболшы Коби Брайанттың тақия киіп, Қазақстан туымен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengirnews.kz тілшісі. 

"Жастайынан Коби өз ойынымен бүкіл әлемнің адамдарын шабыттандыра білді. Суретте - жас Коби Брайант қазақстандық ойыншылармен бірге. @timurnesbitt суретті ұсынғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!", - делінген суреттің сипаттамасында.

Еске салайық, әлемге әйгілі америкалық баскетболшы 41 жастағы Коби Брайант Калифорния штатында тікұшақ құлап, қаза тапты. Бұл туралы 26 қаңтарда белгілі болды. Коби Брайант қаза тапқан тікұшақ апатынан оның 13 жастағы қызы Джианна Мария да қайтыс болған. Әкесі мен қызы жаттығуға бара жатқан екен. Қайғылы оқиға жексенбіде таңғы уақытта Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында болған. Тікұшақта жалпы 9 адам болған. Барлығы қаза тапқан. Джианна Марияның қазасын Лос-Анджелес мэрі Эрик Гарсетти растады.

Коби Брайанттың қазасы: Құлаған тікұшақтың суреттері пайда болды

Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол "Лос-Анджелес Лейкерс" командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған. 

НБА тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде Брайант 33643 ұпаймен үшінші орында болған, өткен сенбіде ғана оның нәтижесін Леброн Джеймс басып озған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети