27 қаңтар 2020 06:31

Баскетбол жұлдызы Коби Брайант әуе апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коби Брайант © Tmz.com Коби Брайант © Tmz.com

Әлемге әйгілі америкалық баскетболшы Коби Брайант Калифорния штатында тікұшақ құлап, қаза тапты. Бұл туралы 26 қаңтарда белгілі болды, - деп хабарлайды TMZ.


Әлемге әйгілі америкалық баскетболшы Коби Брайант Калифорния штатында тікұшақ құлап, қаза тапты. Бұл туралы 26 қаңтарда белгілі болды, - деп хабарлайды TMZ.

Қайғылы оқиға жексенбіде таңғы уақытта Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында болған. НБА бес дүркін чемпионы жаттығуға бара жатқан. Осы кезде борттан өрт шыққан. 

"Бес адамның қаза тапқаны расталды. Тікұшақ апатынан ешкім аман қалмаған", - деп хабарлады Лос-Анджелес округінің шерифі Twitter желісінде.

Апаттың себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатқаны айтылады. 41 жастағы спортшының қазасын Калабасас қаласының билігі растады.

"Коби Брайант пен тағы төрт адамның қазасын естідік. Тікұшақ Лас-Вирдженс маңында сағат 10-да құлаған. Жер бетінде ешкім зардап шекпеді", - делінген хабарламада.

Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол "Лос-Анджелес Лейкерс" командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған. 

НБА тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде Брайант 33643 ұпаймен үшінші орында болған, өткен сенбіде ғана оның нәтижесін Леброн Джеймс басып озған еді.

АҚШ құрамасында баскетболшы 2008 және 2012 жылғы Олимпиадаларда жеңіске жеткен, Америка-2007 чемпионатын жеңіп алған. Брайанттың артында Ванесса есімді жары мен төрт қызы қалды: Джианна, Наталья, Бьянка және Капри.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети